Нұрлан Смағұлов қоры ақадырлық 7 отбасына тегін баспана сыйлады

 

Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінен ақжолтай хабар жетті. Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қоры әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға баспана кілтін табыстап, көмек қолын созынды. Кәсіпкердің қолдауымен 7 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі аудандық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Мақсұтұлының айтуынша, баспаналы болған отбасылардың бәрі тұрғын үй кезегінде тұрған, мұқтаж отбасылар екен. Олардың тізімін Ақадыр кентінің әкімдігі ұсыныпты.  

Сурет Мақсат Бейсенаевтің парақшасынан алынды.