Владимир Путин: "Ресей Қазақстанға тек Атом стациясын ғана салып бермей, оған қажет мамандарды да даярлайды"

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электрстанциясының құрылысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ресей көршісі әрі одақтасы болып саналатын елдің атом энергетикасына қатысты жоспарларын мұқият бақылап отыр екен.  

"Ресей әріптестеріне, оның ішінде қазақстандықтарға  атом электрстанциясын салу мәселесінде қолдау көрсетуге әзір. Жекелей алғанда, елде АЭС-ты ресейлік дизайнда салу туралы ұсыныс білдіреміз. Әрине, біз, тек, мұнымен ғана шектеліп қалмаймыз. Сонымен қатар, ресейлік жоғары оқу орындарында атом электрстанциясында осы саланың мамандарын әзірлеуге де қолдау көрсетеміз", - деді Ресей президенті Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық әріптестік форумында.