Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының онлайн-саммиті өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің онлайн-саммиті өтіп жатыр. Жиын елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде құрбан болған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алу шарасымен басталды.

Қазақстандағы ахуал билікті күшпен басып алғысы келген топтың мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынысы екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осындай күрделі шақта ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің әскери ғана емес моральдық қолдауларының да маңызды екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы барлық оқиғалар алдын ала ұзақ дайындықпен жүзеге асырылғанын жеткізді. 

 - Ұйымдастырушылар себеп ретінде елдегі бейбіт митингтерді пайдаланған. Осылайша, алаңда діни радикалдар, ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері, тонаушылар және бұзақылар пайда болды. Олардың барлығы бір орталықтан басқарылған. Бұған аса маңызды стратегиялық мекемелерге жасалған жоспарлы шабуылдар айғақ бола алады, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

Сондай-ақ, Президент осы тәртіпсіздіктер кезінде елде күштік құрылымдардың 16 қызметкері қаза тауып, 1300 -і түрлі деңгейде жараланғанын айтып өтті. Бейбіт тұрғындардың қаншасы зардап шеккені анықталу үстінде.