Мемлекет басшысы Үкіметке шұғыл тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Маңғыстау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, Үкіметке шұғыл тапсырма берді. 

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", - деп жазды ол Twitter-де.

Сондай-ақ мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты.

"Бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деді президент.