Елбасы "Нұр Отан" партиясы төрағалығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады

Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының төрағалығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

"Бүгін кеңейтілген Саяси кеңес отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Төрағасы лауазымын ел Президентіне табыстау туралы шешім қабылдады. Ол бұл шешімді партияны ел Президенті басқару керек деп түсіндірді. Өкілеттілікті тапсыру партия жарғысына сай жүзеге асырылады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.