Тоқаев: 5 маусымда Қазақстанда тарихи іс-шара өтеді

Ашық дереккөз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуінде айтты.

5 маусымда Қазақстанда өте маңызды әрі тарихи іс-шара өткізілмек. Бұл – Конституциямызға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдум. Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге келді деп айтсақ артық болмайды. Жаңа Қазақстан, яғни Екінші Республика – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам деген сөз. Президенттік жүйе сақталғанымен, Парламенттің рөлі және ықпалы едәуір күшейтіледі. Халқымыздың үні және пікірі анық естілетін болады. Мен Президент ретінде осы құқықтық реформадан ешқандай артықшылыққа я жеңілдікке ие болмаймын. Мақсатым – бүкіл қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру, – деді Мемлекет басшысы.