Осакаров ауданының жастары «Жас сұңқар» сыйлығымен марапатталды

Осакаров ауданында Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне «Жас сұңқар – 2021» жастар сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Осы жылы Осакаров ауданы әкімінің сыйлығына түрлі номинациялардағы 13 белсенді ие болды.

«Жылдың жас спортшысы» санатында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және қазақ күресінен 2019 жылғы Азия чемпионы Еламан Хуанбай үздік деп танылды.

«БЕККО» ЖК басшысы Николай Бекко «Жылдың жас кәсіпкері» номинациясында жеңіске жетті.

«Жылдың жас педагогы» сыйлығы № 9 гимназия базасында тірек мектептің (РО) информатика және робототехника мұғалімі Юрий Федоровқа бұйырды.

Осакаровка кентінің ОАА хирургия кабинетінің медбикесі Екатерина Садирова «Денсаулық сақтаудың жас қызметкері» номинациясында үздік деп танылды.

«Жас мәдениет қызметкері» номинациясында Осакаров аудандық мәдени-сауық орталығының дыбыс режиссері Жанәділ Совет марапатталды. Музыкант-республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

Приишимское ауылының «КРЭК» ЖШС пайдалану жөніндегі электр монтері Олег Евграфьев «Жылдың жас қызметкері» атанды.

«Жылдың жас мемлекеттік қызметшісі» сыйлығына Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Анастасия Иванова ие болды.

«Жылдың жас қорғаушысы» номинациясында уақытша ұстау изоляторы бастығының орынбасары Нұрсұлтан Файзул жеңіске жетті.

– Жеңіс күтпеген едім. Өте қуаныштымын. Жұмысымның бағаланғаны өте қуантады. Бұл одан да жақсы жұмыс істеуге және алға жылжуға итермелейді. Сенімді ақтауға тырысамын, – дейді Нұрсұлтан Файзул.

«Жылдың жоғары сынып оқушыларының» үздіктері болып № 1 тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Сарыбай Аманбай және Жансары ауылдық округінің № 24 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жанерке Аманжолова атанды.

«Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясы бойынша Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ төртінші курс студенті Ирина Газетдинова жеңімпаз атанды.

«Sarybel Eriktileri» ҚБ еріктілер штабы ерекше көзге түсті. Оның төрағасы Ағдарбек Қаратай «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясында үздік атанды, ал белсенді қатысушы Салтанат Мұратова «Үздік волонтер» сыйлығына ие болды.

Сыйлық лауреаттарына дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.