Нұра ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

Saryarqanews.kz

Нұра ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында екі көпбалалы отбасы пәтер кілттерін алды. Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Аян Шалмағанбетов құттықтады.

Салтанат Садықова Қарой ауылынан Нұра кентіне төрт жыл бұрын көшіп келген. Осы жылдар бойы әйел төрт баласымен бірге баспана жалдап тұрды.

– Қаройда біз ата-анамызбен тұрдық. Нұрада пәтер жалдадық. Мен келісім бойынша хатшы болып жұмыс істеймін, жалақым үлкен емес. Жылдар бойы өз баспанамызды армандадыұ. Әсіресе балаларым, – дейді Салтанат. – Бізге екі пәтерлі үйдің бір басынан үш пәтерлі баспана берді. Бөлмелер жарық, жөндеу жақсы. Бізге бәрі ұнайды. Бұл Наурыз алдындағы нағыз тамаша сыйлық болды. Ертең біз көшуді жоспарлап отырмыз.

Осы үйдегі екінші пәтердің кілтін Гүлмира Абдрахманова алды. Ол медбике болып жұмыс істейді, бес баланы тәрбиелеп, анасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрады.

Көпбалалы әйелдерге пәтерлер ӘНұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан 20 екі пәтерлі үйдің бірінен берілді.

Нұра ауданында барлығы 450 адам кезекте тұр. Оның 39-ы «көп балалы» санаты бойынша.