Жуырда "Тұзақ" фильмінің тұсаукесері өтеді

Жуырда  "Saryarqa" телеарнасында режиссер Қаршыға Игеннің "Тұзақ" фильмінің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Фильм аты айтып тұрғандай шым-шытырық оқиғаларға толық болмақ. Негізгі түсірілім жұмыстары Қарқаралы ауданы аумағында жүргізілген. Одан бөлек, бірқатар эпизоттар қала ішінде түсірілген екен. Жалпы алғанда түсірілім жұмыстарына 2,5 айға жуық уақыт кетіпті. Енді негізгі жұмыс - монтаждау және дыбыстау процестері қалған. 

- Негізі әу бастағы сценарий бойынша оқиға жаз айында өрбуі тиіс болған. Бірақ, біз түсірілім үшін Қарқаралыға барған кезде қар жауып кетті де, сценариді өзгертуге мәжбүр болдық. Түсірілім жұмыстары толық аяқталды. Қазір ең қиыны - монтаждау және дыбыстау ісімен айналысып жатырмыз. Бұйыртса, жуырда тұсаукесерін өткіземіз, - деді Қаршыға Иген.

Айта кетейік, бұл қарағандылық режиссердің қолтаңбасы басылған алтыншы туынды болмақ.