Қазақстандық әнші "Дауыс" жобасында жұртты таңғалдырды (видео)

2019 жылы "Славян базары" байқауында гран-при иегері атанып, Димаш Құдайбергеннің жетістігін қайталаған қазақстандық әнші Әділхан Макин "Ресей дауысы" жобасында қазылар алқасы мен көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

27 жастағы Әділхан Макин байқауда Алла Пугачеваның "Не отрекаются любя" әнін орындады. Оның өнеріне тәнті болған қазылар алқасының екі мүшесі – Александр Градский мен Дима Билан бұрылды.

 

"Мен Димаштан кейін ештеңеге таңғалмайтын болдым. Ал бүгін сен мені таңғалдырдың. Жоғарғы регистрде тенор, орта регистрде баритон, төменгі регистрде төменгі бас секілді шырқайсың. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деп атап өтті Градский.

Әділхан Макин байқаудағы өзінің тәлімгері ретінде Александр Градскийді таңдады.