Қарағанды музыкалық комедия театры жаңа маусымның ашылуына шақырады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жаңа маусымының ашылуы 16 қыркүйек сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Бұл күні көрермендер ұзақ үзілістен кейін әлемдік классика жауһары – Имре Кальманның «Сильва» опереттасын тамашалай алады.

– Спектакльді 2005 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Санкт-Петербургтен келген режиссер Юрий Александров қойды. Қоюшы балетмейстер Марина Лепилина болды, Сценография және костюмдер бойынша РФ еңбек сіңірген суретшісі Вячеслав Окунев жұмыс істеді, – деп хабарлады ҚАТМК-да.

Опереттада театрдың жетекші солистері Елена Филинкова, Денис Кудряшов және Александр Бойко, сондай-ақ хор мен балет әртістері жұмыс істейді. Спектакль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен, бас дирижер Рафаэль Хамзин жетекшілік етуімен өтеді.