Даңқыты композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесінің жарыққа шықпаған романстарын жариялауға ниетті. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Әкемнің артынан қалған мол мұрасы бар. Оның қатарына тек әндер ғана емес, ертерек жазылған Ескендір Хасанғалиевтің романстары да кіреді. Кәзір солардың клавирін (аккомпанемент) өзім жазып жатырмын. Бұл бір жағынан қиын, екінші жағынан өте жауапты шығармашылық жұмыс. Алланың көмегімен екі айдың ішінде бітіремін. Кейін оны кітап жүзінде жарыққа шығарып, халыққа көрсетеміз", - дейді Біржан Хасанғалиев.