Соңғы тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Кеше елімізде 5493 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылысы расталды. Олардың 735-і Қарағанды облысының тұрғындары, деп хабарлайды Saryarqanews.kz

 Жалпы алғанда, бүгінде ел аумағында індет жұқтырған 488 905 адам анықталып отыр. 18 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде 55 558 адам коронавирус инфекциясынан (53 889 КВИ+ және 1 669 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде: - 17 856 пациент стационарда - 37 702 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 1063 адамның жағдайы ауыр - 228 пациенттің жағдайы өте ауыр - 137 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.