Қарағандыда ауа райы қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтықтан оқытылады

Бүгін Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа райы қолайсыздығына байланысты мектептер қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Қарағанды қаласының білім бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымның 0-11 сыныптарындағы штаттық режимінде сабақтар тоқтатылады. Сабақтар қашықтықтан өткізіледі.

Айта кетейік, Қазгидрометтің хабарлауынша, 3 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында түнде, солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында  жел 15-20 м/с күшейеді.