Коронавирустық инвекцияны таратпау жөніндегі ведомстваралық комиссия өткен тәуліктегі COVID-19 жұқтырудың статистикасын жариялады.Қарағанды облысында ахуал күрделеніп, тағы 746 адамның індет жұқтырғаны анықталған, - деп хабарлайды saryarqanews.kz.
Кеше Қазақстан бойынша 5648 адам коронавирус жұқтырған екен. Ал, жалпы республика бойынша бүгінде 477 754 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр. Олардың 45 825-і Қарағанды облысының тұрғындары.
Айта кетейік, кеше аймағымызда 196 тұрғын індетті еңсеріп, сырқатынан сауығып шықты. Сондай-ақ, жалпы ел көлемінде 3012 адамның жазылғаны белгілі болды.