Қарағанды облысында 30 қарашадан бастап Аналогтық эфирлік телетаратылым өшіріледі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 желтоқсанда №21700 тіркелген Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаеваның 2020 жылғы 30 қарашадағы №383 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысында және Нұр-сұлтан қаласында 30 қарашада аналогты эфирлік телетаратылымЭТТ) толығымен өшіріледі, оның орнына қазіргі заманғы жерүсті цифрлық эфирлік телехабар тарату (ЦЭТТ) келеді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста цифрлық эфирлік телехабар таратудың ұлттық желісі құрылысының жобасы аяқталуға жақын, оның қорытындысы бойынша облыс халқының шамамен 96,3% - ын ЦЭТТ-мен жалпы қамти отырып, 35 радиотелевизиялық станция салынады және жаңғыртылады.

Қазірдің өзінде Қарағанды облысы тұрғындарының көпшілігіне абоненттік төлемсіз және ескірген АЭТТ орнына еркін ЦЭТТ қолжетімді.

Сандық теледидардың тарихы 1993 жылы Еуропада DVB (Digital Video Broadcasting — сандық бейне хабар тарату) жобасы қабылданған кезде басталды.

Қазақстанда 2012 жылдың 3 шілдесінде Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалаларында DVB-T2 екінші буынды стандартты ЦЭТТ Радиотелевизиялық станциялары алғаш рет іске қосылды. Қазақстанда ЦЭТТ-ға толық көшуді 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы алғанда республика бойынша ЦЭТТ  желісі ел халқының 95% - ын жалпы қамти отырып, 827 радиотелевизиялық станцияны қамтитын болады.

Бүкіл әлем бойынша көптеген елдер ЦЭТТ-ға көшті немесе көшіп жатыр, өйткені оның аналогты теледидарлық хабар таратудан бірқатар маңызды артықшылықтары бар:

  • Теледидар сигналдарын беру және жазу жолдарының шуылға төзімділігін арттыру және соның салдарынан теледидар қабылдағыштарындағы сурет пен дыбыс сапасын жақсарту;
  • Таратқыштардың қуатын азайту;
  • Сығымдау алгоритмдерін қолдану арқылы бірдей жиілік диапазонында берілетін теледидар бағдарламаларының санының едәуір артуы;
  • Даму үшін жиіліктерді босату: ұялы байланыс операторлары, сымсыз байланыс желілері және интернет;
  • Пайдалану кезінде көрермен электрондық телебағдарламаны, сондай-ақ телегазеттерді көруге мүмкіндік алатын интерактивті ТВ-жүйелерді құру.

ЦЭТВ-ға қалай қосылу туралы толығырақ ақпаратты  www.tsetv.kz. Сайтынан таба аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «Қазтелерадио» АҚ call-орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

  • 193 (үй телефонынан аймақтық қоңыраулар тегін)
  • 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)