Қарағанды облысы «қызыл»  аймаққа енді!

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бүгіннен бастап "қызыл" аймаққа ауысты. Бұл туралы облыстық санэпидбақылау департаментінің  баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 669 жаңа жағдайы тіркелді, облыс бойынша репродуктивті сан бірден асып, 2,856 құрады. Эпидемиологиялық ахуал нашарлауда.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен соң 5 күннен кейін жүргізіледі, осылайша "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.