6 қазандағы эпидемиологиялық ахуал

Өткен тәулікте елімізде 1828 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды. Қарағанды облысы бойынша 169 адам індетке шалдыққан.

 Сoronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, кеше елімізде 3307 адам сырқатты жеңіп, жазылып шыққан. Олардың 175-і Қарағанды облысының тұрғындары.

Бұдан бөлек, кеше коронавирустық инфекция салдарынан 39 адам қайтыс болды. Тағы 7 адам пневмониядан көзжұмған. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 12 науқас. Павлодар облысында - 5, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында - 2, Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.