18-19 қарашада күн райы қандай болады?

18-19 қарашада Антлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуінің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады (көбінесе қар түрінде).

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел соғады. 

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның басып кіруінің әсерінен, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның ықпалынан қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасының ауытқуы еліміздің батысында түнде 0-5-тен 5-10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады.