Жириновский қайтыс болды

Интернет желісінен

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Владимир Жириновский қайтыс болды деген ақпарат таратуда. 

Айта кету керек, бұған дейін ресейлік ЛДПР партиясының жетекшісі ауыр сырқатпен жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын. Саясаткер ТМД аумағындағы елдерге қатысты түрлі арандату сипатындағы сөздерімен танымал болған. Әсіресе, Қазақстанға айтқан даулы пікірлер айтқан еді. Әйтсе де, Кремль басшылығы Владимир Жириновский сөздері елдің ресми ұстанымын білдірмейтіні туралы мәлімдеген.