Владимир Зеленский украиндықтарға Ресеймен болуы мүмкін соғыс жайлы үндеу жолдады

Ел президенті Владимир Зеленский "Ресеймен болуы мүмкін соғыс" жайлы үндеу жолдады. Үндеу президенттің ресми сайтында жарияланған.  Үндеуде мемлекет басшысы ақпарат алаңында тарап жатқан қақтығыс туралы деректерге түсінік беріп, мұндай қауіптің бұрыннан келе жатқанын алға тартты. Әйтсе де, жұртты байбалам салмай, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.  

"Соғыс сегіз жылдан бері болып келе жатыр. Қазір дүрлігіп, қысымды арттырып, қарақұмық пен сіріңке сатып алатын уақыт емес", - деді украин басшысы. 

Ол Украина халқын, әсіресе қарттарды "терең тыныс алып, сабырлы болуға", ал БАҚ өкілдерін жаппай дүрліктірудің құралы болмауға шақырды. 

"Біз бәрін білеміз және дайынбыз. Бірақ бізге оның қажеті болмауы үшін бәрін жасаймыз. Барлығын дипломатиялық жолмен шешудің жолдарын жасап жатырмыз. Сіздер не істеу керексіздер? Бір ғана нәрсе, сабырлық сақтау", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.