ТОКИО—2020: Олимпиадада тағы сенсация

Олимпиаданың үшінші айналымда әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі  Наоми Осака чехиялық  Маркета Вондрошувамен кездесіп, 6:1, 6:4 есебімен жеңілді. Ойын бір сағат тоғыз минут болды.  Бұл туралы телеграмда Дода каналы жазды.

 Токио Олимпиадасының алауын жаққан Наоми басты фовариттердің бірі болған еді. Матч барысында ол бір эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде екі рет қателесті. Бес брейк жасайтын мүмкіндіктің біреуінде қолдана алмады. Ал оның қарсыласы үш эйс және бес брейк істеді. 

Енді ширек финалда Вондроушова Паула Бадоса (Испания) - Надия Подороска (Аргентина) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

Айта кетейік,  бұған дейін Олимпиада ойындарының әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти де шығып қалған болатын.