Тәліптер Тәжікстанды жаулауға дайын екендіктерін мәлімдеді

Тәжікстандағы "Талибан" ұйымының бөлімі (Қазақстан аумағында тыйым салынған) Тәжікстанға басып кіруге дайын отыр. Бұл туралы бірқатар БАҚ содырлардың ресурстарына сілтеме жасай отырып, ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәжікстандағы "Джамаат Ансаруллаһ" тобының басшысы Махди Арсалан Тәжікстанға басып кіруге дайын екендерін мәлімдеді. Махдидің өзі Ауғанстанның Дарвоз аймағымен және Тәжікстанның Шамсиддин Шохин аймағымен шектесетін бірқатар аумақтарының басшысы ретінде өзін танытады, делінген хабарламада.
Бұған дейін елдің солтүстік -шығысындағы Бадашхан провинциясы губернаторының орынбасары - молда Нисар Ахмад Ахмади тәліптерден тұратын Ауғанстандағы жаңа билік жанкешті лаңкестерден арнайы батальон құрғанын, оларды мемлекеттік шекараға орналастыруға ниетті екенін айтқан, деп жазады gazeta.ru.

Арнайы батальон "Лашкар -и -Мансури" - "Мансұр әскері" деп аталды (бұл арада содырлардың далалық командирі, 2016 жылы қаза тапқан Ахтар Мансұр қозғалысының жетекшілерінің бірі туралы сөз болып отыр - ред.). Ол шекаралас аудандарда, атап айтқанда Бадашхан провинциясында орналасады. Тәжікстанмен шекаралас бұл аумақ ең ұзыны болып табылады, ал шығысында ҚХР және Пәкістанмен шектеседі.