Танымал жұлдыз Бритни Спирстің аянышты хикаясы

2000 жылдары музыка әлемінде жарқ етіп жанған америкалық танымал жұлдыз Бритни Спирстің атағына көп адам қызыққанмен, тағдыры талайдың жүрегін ауыртқаны белгілі. 

Спирс жастайынан танымал лейблмен келісімшарт жасасып, әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді. 

Бүгінде америкалық поп-әнші, ән авторы және биші Бритни Спирс ханшайым бейнесімен қош айтысқанымен, 2000 жылдары қол жеткізген жұлдыз атағынан айрылмақ емес.

Өмір мен өнер жолындағы қызық пен қиыншылыққа, әлемдік танымалдылық пен терең күйзеліске қарамастан, ол өз тыңдармандары мен жанкүйерлерін жаңа әндерімен қуантудан жалықпай келеді.

Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ол әлемге көптеген хит сыйлады. Танымалдылық шағында жас, сұлу, бақытты болғанымен, әншінің қазіргі өмірінде бәрі мінсіз емес. Алайда бірқатар музыка сыйлығының иегері, әлмдік чарттардың сүйіктісіне айналған және бүгінде қоғамды дүр сілкіндірген сот дауларының кейіпкері болған әнші оңайлықпен берілетін түрі жоқ. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, қазір Бритни Спирстің өмірі мен өнерінде жаңа кезең басталды.

Бритни Спирс жұлдызының жануына The Mickey Mouse Club бағдарламасыы себепкер.

1992 жылы Бритниді осы танымал музыкалық жобаға қабылдаған болатын. Сол шақта көрермендер болашақ поп-жұлдызды алғаш рет көгілдір экраннан көрді.

"Микки Маус клубы" телебағдарламасы 1950 жылдардан бастап 1990 жылдардың ортасына дейін түрлі форматта және бірқатар үзіліспен Америка телевидениесінде көрсетілді.

90-жылдары танымал болған бұл жоба әлемге Джастин Тимберлейк, Кристина Агилера, Райан Гослинг сынды көптеген жұлдызды тарту етті.

Америкалық мегажұлдыз әлемді қайта таңғалдыра ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Әзірше әкесінің шамадан тыс бақылауы мен қамқорлығынан азаттық сұрап, сотқа жүгінген.

Дереккөз: Спутник Қазақстан