Ресейде ұшақ апаты болды (видео)

"Сила" әуе компаниясының жеңіл L-410 ұшағы Иркутск облысының орманында апатты жағдайда қонды. Ұшақ діттеген жеріне төрт шақырым жетпей қонған, деп хабарлады РИА Новости.

Ұшақ бортында 16 адам болды. 

"Мен ұшақ салонындағы жолаушылардың бірімен хабарластым. Ұшақтың корпусы майысқан. Ішінде адамдар қысылып қалды", - деді Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев. 

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды - біреу экипаж мүшесі мен үш жолаушы. 

Зардап шеккендер Казачинское кентінің ауруханасына жеткізілді. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Жуық арада олар санавиациямен Иркутск қаласына жеткізіледі. 

Құтқарушылар ұшақта қысылып қалған адамдарды шығарумен айналысуда.

Билік зардап шеккендердің отбасына миллион рубльден төленетінін айтты. Ауыр жарақат алғандар - 500 мың , жағдайы орташа жандар 250 мың, жеңіл жарақат алғандар 100 мың рубль көлемінде өтемақы алады.

15 қыркүйекте Иркутск облысында қаралы күн.

Тергеу комитеті қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

L410 — екі моторлы жеңіл ұшақ. Ол 1973 жылдан бері қолданылып келеді.