Путин Сирия президенті Башар Асадты қабылдады

Ресей Президенті  Владимир Путин Кремлде  Башаром Асадты қабылдады. Тараптар Ауғанстандағы жағдайды талқылаған. Сондай-ақ, Путин сириялық әріптесін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, билікке қарсы топтармен диалог орнату қажеттігін айтқан.  

Кездесу барысында Путин Сирия аумағында шетелдік әскерилердің БҰҰ рұқсаты мен Башар Асадтың санкциясын алмастан еркін орналасуын өзекті мәселеге теңеді. 

Ресей Президенті Дмитрий Песковтың айтуынша, Башар Асад Мәскеуге алдын ала хабарламай, жасырын келген. Бұл қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім-мыс.

 

"Екіжақсы қарым-қатынас мәселесі бойынша пікір алмасу өтті. Әрине, басты мәселе Ауғаныстандағы жағдай туралы болды. Сондай-ақ, тараптар, әрі қарайғы өзара ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады", - дейді Песков.

Сирия президенті Путиннің қабылдауынан соң бірден Дамаскке қайтып кеткен.