Чубайс өз еркімен Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетті

Интернет желісінен

Ресей президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс өз еркімен қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бірқатар БАҚ оның Ресейден кеткенін мәлімдеді.

Bloomberg басылымы екі ақпарат көзіне сілтеме жасап, Чубайс "Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашқанымен келіспейтінін айтып, өз еркімен отставкаға шығып елден кетті" деп жазды.

"Иә. Чубайс өз еркімен отставкаға кетті. Кету, кетпеу бұл оның - жеке ісі", - деп түсіндірді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.