Токио Олимпиадасында жапониялық Ута Абэ мен Хифуми Абэ дзюдо спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Олар бір отбасының мүшесі. Яғни ағасы мен қарындасы.
52 келі салмақ дәрежесіне дейін әйелдер арасында бақ сынаған Ута Абэ қарсыласы фрациялық Амандин Бушардан басым түсіп, алтынан алқа тағынған болатын. Көп ұзамай оның ағасы Хифуми Абэ Жапония қоржынына алтын салды. Ол финалдық бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыласы грузиялық Вашу Маргвелашвилиді жеңіп кеткен болатын.
Айта кетейік, ағайынды Ута мен Хифуми Абэлердің бір күнде жеңіс тұғырына көтерілуі бір бұл емес. Бұған дейін 2018 жылы Әзірбайжанда өткен Әлем чемпионатында да екеуі алтын алған болатын.