Коронавирус: Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

2021 жылғы  9 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қарағанды облысы коронавирустың «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 142 жаңа жағдайы тіркелді.

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.12.2020 жылғы №68 қаулысы негізінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Бұл ретте, шектеу шараларын жеңілдету эпидемиологиялық ахуал 7 күн ішінде тұрақтанған жағдайда жүргізіледі, осылайша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.