Қоғамдық көліктерде жүрудің белгілі бір ережесі болмағанымен, барлық адамның ескеруі керек бірнеше қағида бар. Оны әркім өзінің санасы мен ішкі мәдениетіне қарай түсінеді. Біздің қоғамдық көліктерде жиі дау-дамай шығатыны ақиқат. Себебі қаптаған адам нөпірінде қоғамдық тәртіпті бәрі сақтай бермейді. Діттеген жерге ұрыс-керіссіз жету жолаушыға тікелей байланысты.
Saryarqanews тілшісі сіздерге сол қағидаларды ұсынады:
- Автобусқа мінгенде ол жолаушылардың жеке меншігі емес екенін түсінген абзал;
- Қоғамдық көліктерде және халық көп жүретін жерлерде ешкімге зияны тимесін десе, құлаққаптағы музыканың дауысын басқаны дұрыс және жаныңда тұрған адамның телефонына үңілмеген жөн. Себебі біреудің телефонына келген хабарламаны қарау мәдениетсіздік;
- Тыныштық сақтап, қатты сөйлеп, күлмегеніңіз абзал;
- Аяқ-қолды жинап отыру. Көп ер азаматтар аяқтарын керіп отырып, басқа жолаушыларға кедергі келтіретін жайттар аз емес;
- Гигиенаға да мән берген жөн. Ауызды жаппай түшкіру, жөтелуден аулақ болу керек. Қоғамдық көліктерді ластауға жол бермеңіз (орындықтарды шимайлау,қоқыс тастау, сағыз жабыстырып кету)
- Адамның көп шоғырланған пайдаланып қыздарға қырыңдау деректері де кездеседі. Сорақысы сөзбен ғана емес, іспен де. Бұл құқық бұзушылық болып табылатынын ескеріңіз;
- Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Егер арнайы орындарда отырған жанды көрсеңіз, олардан орын босатуын өтінбеу керек. Себебі мүгедектік аяқ-қолдың салдығымен ғана өлшенбейді.
Жоғарыда айтылған қағидаларды ескеріп, ізгі қоғам құру әр адамның өз қолында екенін әсте естен шығармаңыздар
Сіздерді қоғамдық көліктерде не қынжылтады?
Ақниет ЫСҚАҚ