Қазақстанда қанша халық бары анықталды

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұратынын есептеп шықты. Бүгінгі таңда  елімізде 18 миллион 984 мың 800 адам тұрады екен. Олардың 11 миллион 237 мыңы (59,2 %) қалалықтар болса, 7 миллион 747 мың 800 адам (40,8 %) ауыл тұрғыны.  

Тағы бір айта кетерлігі, халық саны өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 249 мыңға немесе 1,3%-ға өскен.  Сондай-ақ, биыл қаңтар-мамыр айларында өсім 4,4%-ға ұлғайыпты.  Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда - 14,18 адам.

Бұдан бөлек, елден қанша адам көшіп кеткені және көшіп келгені де белгілі болды. Қаңтар мен мамыр айларының аралығында елге 3662 адам көшіп келсе, 9862 адам сыртқа көшіп кетіпті.