Сіз өз «Икигайыңызды» таптыңыз ба?

ғаламтордан


Қазіргі таңда трендке айналған ұғымның бірі «икигай». Сізге  бұл ұғым тансық болса, Saryarqanews тілшісінің зерттеуін ұсынамыз.
Икигай дегеніміз "адам болу негізі" туралы Жапондық философия. Қарапайым тілмен айтқанды адамдардың өзіндік жолы, жұмыс жасау саласы. Барлығымыз білетіндей осы өмірге келген әр адамның өз миссиясы бар. Адамдардың бірі оны ерте, ал енді бірі кеш түсініп жатады дейді икигай эксперттер. 
 «Біз небары екі сағаттың ішінде арнайы тағайындалған сұрақтарды рет ретімен қойып, адамның өмірлік тәжірибе, бойындағы қабілеттер мен талантын шығаруға көмектесеміз. Адамның өмірлік ісіне деген қалауын анықтап, сол бойынша баллдық системамен бағалаймыз. Сол кезде адамның бойындағы басым қабілет анықталады. Бұл методика тек адамның өмірлік ісін ғана емес, адамның реализацияға жол бермей тұрған психологиялық блоктарын да анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, адам қай жерге өзінің ресурстарын яғни уақытын, энергиясын, ақшасын берекетсіз кетіріп жатқанын да анықтап, одан қалай арылудың жолдарын айтамыз. Соңында адам мен кіммін, қолымнан не келеді, өзім сүйіп жасайтын, қоғамға пайда, өзіме табыс алып келетін өмірлік ісім қандай деген өзекті сұрақтардың шешімін табады.» - дейді икигай эксперті Назерке Маратқызы.
Маманың пікірінше бүгінгі таңда қоғам қарқынды дамып жатқандықтан, икигайын іздеушілер қатары артқан көрінеді.
«Икигай негізі Жапон еліндегі Окинава елді мекенінде қалыптасқан. Қазақстанға бұл ұғым осыдан екі-үш жыл бұрын қарқынды дами бастады. Қазіргі таңда 16-45 жасар замандастарымыздың үштен бірі менің икигайым қандай деген сұраққа жауап іздеп жүр. Сондықтан, ол актуальді қоғамдық мәселе деп ойлаймын», дейді маман.
Жүрегіңізге жақын кәсіпті  ертерек табуларыңызға тілектеспіз!

                                                                                                                                                       Ақниет Ысқақ