Қарағанды өңірінде жылу маусымына белсенді дайындығы жалғасуда. Облыс әкімшілігінінің онлайн-отырысында суыққа дайындық туралы Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов баяндады.
- Бүгінде 80% дайындық жоспарында облыс 81%-ға дайын. Жылу көздерінде белсенді жөндеулер жүріп жатыр. Жұмыстар кешігусіз жүріп жатыр, отынның қажетті қоры бар, - деп мәлімдеді.
Өңір басшысы сондай-ақ халыққа арналған сату нүктелеріне көмірді жеткізумен байланысты жағдайлар туралы баяндады. Қажеттілік 1,1 млн тонна қатты отынды құрайды. Бүгінде сатылымда 59 мың тонна көмір бар, оны барлық облыс бойынша 29 темір жолдың тұйықталған басында сатып алуға болады.
Көмір бағасы облыс орталығында тоннасына 10 мың теңгеден және қашық аудандарда 15 мың теңгеден түрленеді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қысқа мерзімде барлық сату нүктелерін қатты отынмен қамтамасыз етуді және оның бағасын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
Суыққа өңірдің медициналық мекемелері де дайындалуда. Олардың 68 –і орталық жылуға, бесеуі – өңірлік жылу көздеріне қосылған, 176 – сы жергілікті жүйе есебінен жылытылады.
- Осы жылы біз барлық қазандықтарды ғимарат сыртына шығардық. Облыста медициналық мекемелер ішінде мұндай жеті қазандық болған. Қазір барлық жұмыстар аяқталды. Қазандықтарды жөндеуге және пайдалану мерзімі біткендерді ауыстыруға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Перинаталь орталығындағы екі қазандықты, Қаражалдың Орталық ауруханасындағы – бір қазандықты ауыстырамыз, Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде модульді қазандық салынады, деп Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Қарағандыда жылу, су өткізу және электр желілерін жөндеу жалғасуда. Оны суық басталғанға дейін аяқтайды. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтың айтуынша, орталық жылуға қосылған 2 424 көп қабатты үйден жылу маусымына дайынлық актісі 75%-ында бар. 240 әлеуметтік мәдениет – тұрмыс нысандарынан 191 суыққа дайын.
Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне жылу маусымына дайындықты жеке бақылауға алуды және көмірмен қамтамасыз ету мен жылу көздерін жөндеу қарқынына ерекше назар аударуды тапсырды.
- 1 рет қаралды