Қарағандыда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Кеше Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассмаблеясы ұйымдастырған журналистер арасындағы "Шаңырақ" байқауы қортындыланып, жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті.  Бас жүлдені Ұлытау аудандық «Ұлытау» газеті иеленді.
Биыл бұл конкурсқа облыс бойынша 20-ға жуық үміткер өтінім жіберді. Халықаралық деңгейдегі журналист Сағат Батырханова, публицист, ардагер журналист Екатерина Кузнецова, ҚХА мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Құрметті консулы, «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Виталий Тварионас, ҚР Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Садыханов және ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы қазылық еткен байқау келесі номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздарды анықтады. 
Байқау қорытындысы бойынша:  
-Үздік талдамалық газет мақаласы - Айтбала Сүлейменқызы;
- Үздік телебағдарлама (сюжет, деректі фильм, бағдарлама) - Виталий Несипбаев;
- Ақпараттық порталдағы үздік жарияланым - Лайф 09;
- Қоғамдағы келісім мен тұрақтылық - Наталья Фомина;
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және қолданылыс аясын кеңейту - Райхан Сайранбек;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын дәріптеу – Бақытгүл Матуова;
- ҚХА «Қазақтану» жобасын насихаттау, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, мәдениетін, тарихын этнос өкілдері арасында кеңінен таныту – Жанбота Рахметолла;
- Қайырымдылық тақырыбындағы үздік материал – Людмила Батюшкина;
- Медиация-бітімгершілік негізі – Айдар Дәуренұлы;
- Алаш арыстарының есімін ұлағаттау - Жәлел Шалқар.
Бұған қоса әлеуметтік желілердегі үздік жазбалар үшін Вилен Молотов-Лучанский, Александр Урмашов, Оксана Жук ЭтноБАҚ номинациясын иеленді.