Бүгін Қарағанды қаласында көпбалалы 30 отбасы баспаналы болды. Оларға пәтер кілтін қала әкімі Ермағамбет Бөлекбаев табыстады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz
"Биыл көп балалы отбасыларды қолдау аясында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтер сатып алынды, оларды көп балалы отбасылар жалға алды.
Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен 6 көпбалалы ана «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығынан пәтер алды", - деп жазды Нұрлан Бикенов.