Ұлттық банк төрағасы теңгенің әлсіреу себебін атады

Интернет желісінен

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгенің әлсіреу себебін атады. Оның мәлімдеуінше, әлемдегі геосаяси ахуалдың нашарлауына байланысты теңгенің айырбастау бағамы құбылмалы болған. Сондықтан да, Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіпті. 

Ақпан айында 273,7 млн.доллар көлемінде интервенция жүргізді. Оның атап өтуінше, Ұлттық қор қаражатын бюджетке трансферттер бөлу үшін конвертациялау операциялары, квазимемлекеттік сектор валютасын сату, экспорттаушылардың бюджетке салықтық төлемдері ұлттық валютаға қолдау көрсетті.

«Факторлар балансының негативті жаққа ауысуы, нарықтардағы тәуекел-сентимент теңгенің долларға шаққандағы бағамының ақпанда 495 теңгеге дейін 14,2 пайызға әлсіреуіне себеп болды. Наурызда қосымша санкцияларға, оның ішінде Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға АҚШ-тың тыйым салуына байланысты Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге қысымды күшейтті. Наурыздың басынан бастап 542 млн долларға интервенция жүргізілді. Биылғы жылғы 14 наурызда теңге бағамы бір доллар үшін 511,74 теңгені құрады», - деді Ғалымжан Пірматов.