Теміртау қаласында он бірдей жас азамат қала әкімінің грантын иеленді. Бұл қаражатты олар жеке бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жұмсайды, - деп хабарлады Saryarqanews.kz тілшісі.
Биыл қала әкімінің грантын иеленуге өтініш білдіргендердің қатары көп болыпты. Байқауға 90 азаматтан өтінім келіп түскен екен. Арнайы құрылған комиссия мүшелері әр азаматтың өтінімін қарастырып, олар ұсынған бизнес-идеялардың өміршеңдігін саралаған. Осылайша, он азаматты үздік танып, жеңімпаздар сапына қосыпты. Олардың әрқайссына 1 000 000 теңгеден берілді. .
- Менің арманым жастар шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алатын медиа студия құру болатын. Мен бизнес-жобамды ұсындым және қолдау таптым. Біз фотосурет, дизайн, копирайтинг және басқа да салаларда шеберлік сыныптарын өткізетін боламыз. Және де балалар үйінің тәрбиеленушілерін тегін оқытатын боламыз, - дейді грант иегері Елизавета Королёва.
Ал жас кәсіпкер Айдин Садвакасов түрлі-түсті қант өндірумен айналыспақ.