Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты түсінік берді

Интернет желісінен

Ведомство мәліметінше,  Новороссийскте (Ресей) қатты дауыл соғып, желдің жылдамдығы 35 м/с дейін жеткен. 

"Бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті. 2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3-шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды. Осыған байланысты КҚК-ны жуу және жөндеу жүргізу үшін көрсетілген ШАҚ-ты пайдаланудан уақытша шығару туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада. 

Бүгінде Энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелту мүмкіндіктері пысықталуда.