Экспорттаушылардың шығындары өтеледі

Интернет желісінен

Елімізде экспорттаушылардың шығынын өтеуге өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі операторы 24 наурыз сағат 9.00-ден 24 сәуір сағат 17.00-ге дейін шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды», - делінген ведомство ақпаратында.

Министрлік мәліметінше, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінім мына сілтемеде қабылданады Анықтама телефоны: 8(7172)768511, 8(7172)768588. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат веб-порталда жарияланған.