Отандық ғалымдардың коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында жасаған "QazVac" вакцинасы ресми түрде "Халал" сертификатын алды.
Сертифкатты ҚМДБ Төрағасы-Бас муфтидің орынбасары Ершат Оңғаров табыстады. Сертификаттың тіркеу нөмірі - 000669. Кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды. Сертификатқа "Халал Даму" ЖШС директоры А.А. Аташев қол қойған.