Қазақстанға «Спутник Лайт» вакцинасының бір миллион дозасы жеткізіледі

Қазақстандықтарды ревакциналау үшін «Спутник Лайт» препаратының бір миллион дозасы жеткізілмек. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, келіссөздер аяқталған. Шенеуніктер вакцинаны ресейліктердің келесі айда әкеле бастайтынына сенімді.
 

Қаңтар айының соңында,тек 150 мың доза егу орындарына беріледі. Ал қалғанын ресейлік өндірушілер бірінші тоқсанда жеткізбек. «Спутник Лайт» ревакциналау үшін қолданылады. Қазір Қазақстанда 400 мың адам екінші қайтара вакцина салдырды. Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау курсы толық аяқталғаннан кейін араға алты ай салып қосымша дозаны алуды ұсынады.

2022 жылдың бірінші жарты жылдығында коронавирусқа қарсы екпенің 5 миллион дозасы елге әкелінеді. Алайда ол қай өндірушінікі екені белгісіз.