Елімізде 26 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы вакцина салдырған

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны 26 мыңнан астам бала салдырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі. 

"Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер", - деді министр Үкімет отырысында.

Ведомства басшысының хабарлауынша, елімізге Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы әкелінген. Алдағы уақытта тағы бірнеше партия жеткізілуі тиіс. 

Жалпы алғанда, бүгінге дейін вакцинаның 1-компоненттін 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған.