Алексей Цой Pfizer вакцинасын ақылы етуді ұсынды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын ақылы етуді ұсынды. Яғни, дәл осы екпені алғысы келетін, бірақ тегін салынатын санатқа жатпайтын тұрғындарға оны сатып алуға мүмкіндік берілуі тиіс, деп хабарлайды Saryarqanews.kz 

 «ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметіне COVID-19-ге қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халық қалауы бойынша коммерциялық нарық сегментіне шығару ұсынылды. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Алексей Цой. 

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 7 аймақта, яғни Қарағанды, Жамбыл, Қызылода, Түркістан, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында вакцинациялау басталып кеткен. Америкалық екпені 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйелдер алды. Алғашқы партиямен Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы әкелінген.  Енді 20 қарашада екінші партиясы келуі тиіс.