Жеңіс Қасымбек Майқұдықты қалай ретке келтіріп жатқанын тексерді

Майқұдықта, Магнитогорск көшесінде асфальт төсеуге кірісті. Бүгінде бір километрден астам салып тастаған. Қаланың ең ұзын жолын тез жөндеуге шамамен 70%-ын алатын ісінгіш топырақ бөгет жасап отыр. Сондықтан негізді дайындауға көп уақыт кетті. Мердігерлер жұмысына карантинмен бірге жаңбырлы ауа-райы да өз үлесін тигізді. Жеңіс Қасымбек жұмыс сапары барысында құрылыс барысын және аудандағы аула аумақтарының абаттандырылуын және «Литейщик» стадионының қайта жаңғыртылуын тексерді.

Өңір басшысы балалар алаңдары абаттандырылып жатқан аулаларда да болып қайтты. Октябрь ауданын биыл 184 аула ретке келтірілді. Олардың 69-ында сәкілер, қоқыс жәшіктері орнатылады, жарық өткізіледі, асфальт төселеді, 115-де балалар алаңын жабдықтаумен толық абаттандыру жүргізілуде. Сонымен бірге, ауданда кварталіші өтпе жолдар да қолға алынды. Осы жылы 24 өтпе жол жөнделді. Олардың жартысы дайын.

- Көріп отырғанымыздай, аулалар бойынша тұрғындардың реніштері бар. Жұмысты бастап, тастап кеткен. Нәтижесінде құрылыс қоқысы пайда болған, - деді облыс әкімі.

Бұл жағдайды Октябрь ауданының әкімі Мейрам Кожухов келесідей түсіндірді. Зауыт шағын сәулет формаларына үлкен тапсырысқа байланысты тапсырманы орындай алмады. Мұндай жағдай жиектастармен де болды. Алайда қазір жеткізулер басталып, кейбір аулаларда жиектастарды ауыстыру жалғасып, МАФ-тарды орната бастады.

Өңір басшысы басталған істі соңына дейін жеткізіп, одан кейін ғана жаңа объектілерге кірісуді тапсырды.

Жеңіс Қасымбек Майқұдықтағы қасбеттердің жөндеуін де тексерді. Облыс әкіміне ай соңына дейін шамамен 17 үйдің ретке келтірілетіні мәлімденді. Қалған бесеуінің жөндеуі қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.

Сонымен бірге өңір басшысы Магнитогорск көшесінде күрделі жөндеу жүргізіп жатқан мердігермен сұхбаттасты. Құрылысшылар учаскелердің бірінде асфальттың бірінші қабатын төсегенін айтты. Бұл жұмыс барысы топырақ суының көп мөлшеріне байланысты созылып отыр. Бұған қарамастан, облыс әкімі белгіленген мерзімнен қалмауды және сапа мәселесіне басты назар аударуды тапсырды.

- Тұрғындарда өтпе жолды күзде ашуға уәде берілді, сондықтан тездетіңіздер! Қаржыланжыру мәселесі жоқ. Апта сайын келіп тексеріп отырамын. Күн сайынғы жұмыс жоспары жазылған кесте дайындап беріңдер, - деп Жеңіс Қасымбек мердігерге жүгінді.

Құрылыс жұмыстарының шамалы артта қалуы «Литейщик» стадионында да байқалды. Бұл көптеген қызметкерлердің ауырғанымен негізделді. Қазір бригада толық құрамда жұмыс істеп, футбол алаңы мен тартан жолдарына негіз дайындауда. Жұмыскерде де стадионның металл қоршауын орнатуға кіріскен.

- Біз «Литейщик» стадионын тамыз айының соңына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз, - деді «Шахтер» КМҚК директоры Вячеслав Мазитов.

Осы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауқымды жұмыстар өткізілуде. Басты назар жұмыс орындарының құрылуына және жергілікті өндірістің жұмысбастылығына аударылды.