«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы №752 қаулысымен «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта құрылды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңымен және Жарғымен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, қоғам қызметіне жалпы басшылық жасауды қоғамның «Директорлар кеңесі» жүзеге асырады (70-тармақ, КЕАҚ Жарғысы). Директорлар кеңесінің бірінші отырысында ректораттың сандық құрамы мен мүшелері бекітілді (71-тармақтың 6-тармақшасы, КЕАҚ Жарғысы). Қоғамның қызметін басқаруды – Ректорат жүзеге асырады.
ЖОО-дағы айтулы өзгерістер талапкерлерді қабылдау, грант бөлу кезінде ешқандай кері әсерін тигізбейді дейді университет басшылығы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бұрын Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болса, қазіргі таңда Қарағанды техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы болды. Білім ордасына гранттар саны бұрынғыдай бөлінбек. Қайта, университет түрлі грант беру конкурстарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал, талапкерлерді қабылдау ережелері мен қаржы салалары бәз баяғы қалпынша қала береді.