Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен бүкіл ел бойынша табиғатта демалыс кезінде қоқыс тастағандарды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Қарағанды облысында Федоров су қоймасында осындай іс-шара 25 шілдеде өтті. Оның мақсаты - су объектісінің жағалау аймағында қоқыстану және ластануын болдырмау, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Рейдке Қарағанды облысы бойынша экология департаменті, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, табиғатты қорғау полициясы, "Қарағанды су Қоймалары" КМК, сондай-ақ БАҚ және аймақтың экоамбассадоры қатысты.
Экологтар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, табиғатта демалу кезінде тазалық пен тәртіпті сақтау туралы жаднамалар таратты.
Табиғат қорғау полициясы өз тарапынан қарағандылықтарға табиғатқа келтірілген зиян үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы еске салды.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз қоқыс үйінділерім күресуге арналған жедел желіні іске қосты, оған еліміздің әрбір тұрғыны рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер мен қалдықтардың заңсыз шығарылғаны анықталған жағдайда фото - және бейнематериалдарды қоса бере алады.
Жедел желі нөмірі 8-775-952-49-00.
Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша 50-ге жуық өтініш келіп түсті.
Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің ақпараты бойынша