Балқаш қаласында кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үйлер салынуда

Балқаш қаласында кезекте тұрғандарға арналған екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс алаңындағы жұмыстар 70 пайыз орындалды. Оның жанында тағы екі бес қабатты үйлер салынуда.

 

10-шы ықшамауданының №19 үйінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуникациялар дайын. Бірнеше айдан кейін алғашқы тұрғындар қоныстана алады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызын жинағандар 45 пәтер алады.

– Сыртқы қабырғалар қалыңдығы 120 мм, ал қабырғаның өзі 630 мм минералды плиталармен қапталған. Жақын жерде жылу трассасы өтеді. Жыл сайын екі бес қабатты үйді қолданысқа береміз, – дейді «Балқаш Жібек жолы» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы Жандос Рахымберлинов.

Сегіз бригада жаңа құрылыстың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, басқа топ шатырлармен айналысады.

Бұл үйдің қарама-қарсы жағында тағы бір баспана – №18 үй салынып жатыр. Ондағы пәтерлер кезекте тұрғандарға жалға беріледі.

Құрылыс алаңында барлығы 40 балқаштық жұмыс істейді.

– Жалға берілетін тұрғын үй кезекте тұрғандарға берілетін болады. Қазір Балқаш бойынша кезекте 1500 адам тұр. Бұл үйде 15 үш бөлмелі және тағы да сонша бір және екі бөлмелі пәтерлер бар, – деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.

Сондай-ақ, Балқаш қаласының 10-шы шағын ауданында жер жұмыстары жүргізіліп, №16 және №17 90 пәтерлік екі үйдің құрылысы үшін іргетас дайындалуда. Оларды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін болады.