Талғат Жолтаев Нұра ауданының Нұра ауылында тұрады. Жергілікті жастар ресурстық орталығында маман болып еңбек етеді. Қазір елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде ауыл тұрғындарына тегін маскалар таратып және мұқтаждарға көмек көрсетуде.
Талғат бірнеше күн ішінде бес отбасына көмір және азық-түлікпен көмек көрсетіп, тағы 17 отбасына азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Талғаттың қолынан медициналық бетперде алғандардың арасында 92 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері болған.