Қарағанды облысында жылқы ұрлаған адам ұсталды

23 шілдеде Бұқар Жырау ауданында ерекше тонау орын алды. Қаскүнем шопанмен сөзге келіп қалған, кейін ашық жайылымда жайылып жүрген жылқы ұрлап кеткен. Материалдық шығын 530 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.
Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.