Бұқар Жырау ауданында тұқым өңдейтін кешен іске қосылды

Тұқымдарды кептіру және тазалау бойынша заманауи кешеннің ашылуы А.Христенко атындағы Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясының ұжымы үшін биылғы жылдың басты оқиғасы болып табылады. Енді Бұқар Жырау ауданында өңірде баламасы жоқ бірегей нысан пайда болды.

Құрылыс жыл басында басталды. Мердігер карантин енгізілгенге дейін құрал-жабдықтар жеткізіп үлгерген екен. Бұл өз кезегінде, орнатылған шектеулерге қарамастан объектіні іске қосуға мүмкіндік берді. Алайда кейінірек Ресейден жабдықты орнату және жергілікті персоналды оқытуды жүзеге асыратын мамандардың келуімен қиындықтар туындады. Бірақ бұл мәселелер де шешілді.

Енді кешен толығымен жұмыс істейді: кептіру қондырғысы, пневмостол, фотосепаратор іске қосылды. Мұның бәрі кез-келген астықты қоспалар мен зақымдалған тұқымдардан тазартуға мүмкіндік береді.

- Өткен жылдары біз фермерлердің өндірілетін тұқымның сапасына қатысты пікірлерін жиі алдық, - деп атап өтті КарСХОС директоры Бауыржан Қалымов. - Бірақ қазір бұл мәселе шешіліп, өніміміздің сапасы жақсарады. Сонымен қатар, біз жоғары сапалы түпнұсқа тұқымдарды тұқым шаруашылықтарына сата аламыз, сонымен қатар бұл кешенді ғылыми жұмысымызда материалды тазарту үшін қолданамыз.

Кешеннің өнімділігі - сағатына 50 тонна. Келесі маусымда КарСХОС өңірдің тұқым өсіру шаруашылықтарына өз селекциясының алты сұрыпты тазартылған бидай тұқымын сатып алуды ұсынады - "Қарағанды-22, 30, 31, 70", "Степная-60". Оған қоса "Қарағанды-60" - осы маусымда ғалымдардан көбеюге жіберген жаңа сұрып. Тұқымдар 38 гектарға егілді, бүгінде түрлердің өнімділігі кемінде 20 кг/га құрайды.

Сонымен қатар, егін жинау ауылшаруашылық алқаптарында жалғасуда, оның көп бөлігі тұқым материалы болып табылады. Бұл бидай, арпа, сұлы, көпжылдық шөптер.

- Егін ору жұмыстарын 25 тамызда бастадық, - деді Бауыржан Қалымов. - Орамыз, содан кейін оны жинау үшін 5-6 күн күтеміз. Бізде тұқым шаруашылығы бар, онда сапаға үлкен көңіл бөлеміз. Мысалы, астықтың ылғалдылығы 18% болса да, егінді жинау үшіг 14% болғанын күтеміз.

Бидай тұқымдарының сапасын қазірдің өзінде бағалап жатыр. Сапасы жақсы - наткра мен глютен, кем дегенде екінші класс деңгейінде. Айтпақшы, осы маусымнан бастап мұнда соңғы жылдарда алғаш рет картоппен шұғылданды. Тұқым қорын жаңартып, бірнеше сұрып отырғызылды. Бұл негізінен шетелдік сұрыптар - "гала" және "латона". Бірақ өзіміздің селекциямыз да бар - "тамаша" және "жидек". Бұл 360 кг/га өнім бере отырып, өзін жақсы көрсете білді, бұл орташа кірістіліктің үштен бірінен жоғары. Әрине, келесі жылы мұнда сұрыптарды таңдағанда, олар осы тәжірибеден басталады.

Көкөністер биыл алғаш рет отырғызылды, келесі маусымда алаңдарды кеңейту жоспарлануда. Мысалы, қырыққабат сұранысқа ие өнім және оның өнімділігі жақсы болды.

Сонымен қатар, КарСХОСтың тәжірибелік алаңдарында осы жылы өсімдіктерді қорғаудың әртүрлі түрлерінің тиімділігін сынау жобасы жалғасты. Бұл жұмыс өткен жылы басталды, осы жылы агрохимияның алты өндірушісімен және жеткізушілерімен шарттар жасалды.

- Біздің ғалымдар тәжірибелі учаскелерде маусым бойы түрлі препараттарды қолданады. Ал күзде нәтижелерді тіркеп, оларды сараптап, қорытындысын шығарады, - деп түсіндірді Бауыржан Қалымов. - Нәтижелермен, ең алдымен, өз өнімдерінің тиімділігі туралы қорытынды жасай алатын өндірушілердің өздері танысуға қызығышылық танытады. КарСХОС ғалымдары да қызықты - олар өз алқаптарында пайдалану үшін бір нәрсені таңдайды.

Әрине, фермерлер де осы деректерді алуға мүдделі. Олар үшін өткен қыста КарСХОС мамандары агрохимияның әртүрлі түрлерінің артықшылықтары туралы арнайы семинар өткізді. Осы маусымда да семинарлар ұйымдастыру жоспарланған.